Биыл Құрбан айт мерекесі 28-30 маусым күндері аралығында өтеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес, қала мешіттерінде 28 маусым күні сағат 6:00-де «Айт намазы» оқылады.
Астана қаласында бекітілген орындарда құрбандық шалу 8:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады:
- «Ұлжан» әмбебап базары, «Сарыарқа» ауданы, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары);
- «Жайлау» базары, «Байқоңыр» ауданы, Алаш тас жолы, С-313 көшесі («Шарын» базарының арты);
- «Шанхай» базары, «Байқоңыр» ауданы, Алаш тас жолы, 34/6 («Көк базар» базарының арты);
- «Шопан ата» базары, «Байқоңыр» ауданы, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
- «Баракат» базары, «Байқоңыр» ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат.
Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.
«Құрбан айт» мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы «109» Call-center жұмыс жасайды.