Энергетика • 26 Маусым, 2023

Қазақстанда электр энергиясы неге қымбаттай береді?

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қыркүйектен бастап жылу және электр энергиясы қымбаттайды. Бұның себебін «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Мұрат Қапанұлы анықтап көрді.

Қазақстанда электр энергиясы неге қымбаттай береді?

Газет бетінде жарық көрген «Жаңа тариф: тұтынушы тұралап қалмасын» мақаласында автор «Павлодарэнерго» АҚ бас ди­рек­торының бірінші орынбасары Вадим Лесинмен жүздесіп, жылу мен электр энергиясының қымбаттауына қатысты сұрақ қойды.

Вадим Лесиннің айтуынша, бұл қадам бі­лікті қызметкерлердің жұмыстан жаппай кетуінің алдын алып, еңбек ұйымындағы өндірістік және эконо­микалық нәтиже­лер­ді ұлғайтуға, тұ­тастай алғанда, акционер­лік қоғам­ның материалдық тартымды­лы­ғын арт­­тыруға сеп болмақ. Оның пайымынша, кәсіпорын ірі өнер­кәсіп орындары шоғыр­лан­ған аумақта орналасқандық­тан, еңбека­қы­ға міндетті түрде индексация жаса­луы керек.

«Қолданыстағы тариф­ке енгізілген шығындар бү­гінде еңбеккерлерге төленіп ке­ле жатқан жа­ла­қыны жабуға да жет­пейтін көрінеді. Тарифтің еңбек­ақыға жұмсалатын бөлігі инфляция мен энергия өндірудің өзіндік құны артып келе жатуына байланысты жыл сайын өзектілігін жоғалтып, бүгінде ол сапалы қыз­мет көрсетуге қырсығын тигізе бастаған», дейді энергетиктер.