Спорт • 28 Маусым, 2023

Түркістандықтар топ жарды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда жергілікті атқарушы органдар арасында ұйымдастырылған республикалық спартакиада өз мә­ресіне жетті. Бес күнге жалғасқан жарыста еліміздің әр өңірінен жиналған мемлекеттік қызметкерлер спорттың 7 түрінен сынға түсті.

Түркістандықтар топ жарды

 

Спортты дамыту дирекциясының мә­лі­меті бойынша спартакиаданың соңғы күнінде жанкүйерлер әр спорт түрінің финал­дық бәсекелерін тамашалады. Шағын фут­бол бойынша финалдық сайыста Астана қала­сының командасынан басым түскен Қостанай облысының құрамасы жеңіске жетсе, волейбол жарысында түркістандықтар жеңімпаз атанды. Шешуші ойында олар БҚО командасынан басым түсті. Сонымен қатар Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері үстел теннисінде де қарсылас шақ келтірмеді.

Қазақ күресі бойынша Атырау облысының апайтөс балуандары мықтылық танытса, тоғызқұмалақта Ақтөбе облысының өкілдері бас жүлдеге ие болды. Бильярдта шымкенттік тастаяқшылардың шеберлігі үстем болса, суда жүзуде Қарағанды облысының спортшылары басымдық танытты.

Спартакиада қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған Түркістан облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы – екінші, Павлодар облысы үшінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50