Спорт • 28 Маусым, 2023

Жаһандық дода Ташкентте өтеді

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзал бойынша 2024 жылғы әлем чемпионаты Ташкентте өтеді. Бұл туралы ФИФА-ның кеңейтілген отырысында айтылды.

Жаһандық дода Ташкентте өтеді

 

Оныншы мәрте ұйымдастырылып жатқан әлем біріншілігі Өзбекстан астанасында 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді деп жоспарланған. Жаһандық доп додасына алты құрлықтың 24 құрамасы қатысады. Бір айта кетерлігі, футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты Азия аймағындағы төртінші, Өзбекстандағы алғашқы турнир болмақ.

Сары құрлықтағы бұған дейінгі бірін­шіліктер 1992 жылы Гонконгте, 2004 жылы Тай­ванда және 2012 жылы Таиландта ұйым­дас­тырылған. 2021 жылы Литвада өткен ең соңғы әлем чемпионатында Португалия құрамасы чемпион атанса, Қазақстан футзалшылары үшінші орын үшін өткен бәсекеде Бра­зилияға жол беріп, төртінші сатыға табан тіреген еді.