Таным • 29 Маусым, 2023

Хирургиялық білімі жоқ Фердинанд Демара 16 отаны қалай жасаған?

720 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Фердинанд Уолдо Демара Бенедиктин монахы, түрме директоры, кеме дәрігері, бала күтімі бойынша сарапшы, құрылыс инженері, шерифтің орынбасары, психолог, адвокат, тәртіп сақшысы, мұғалім, редактор және қатерлі ісікке қарсы ем іздейтін ғалым ретінде белгілі болған. Бірақ ол ешқашан жан-жақтылығынан ақша табуды көздемеген. Бар мақсаты басқалардың өзін сыйлағаны еді. Сонымен қатар Уолдоның фотографиялық жады мен IQ деңгейі жоғары болған деседі.

Хирургиялық білімі жоқ Фердинанд Демара 16 отаны қалай жасаған?

Шіркеуде ол жас дәрігер Джозеф Сирамен танысып, оның есімін пайдаланып, хирургиямен айналыса бастайды. Ал Корей соғысы кезінде лейтенант шенін алып, кеме дәрігері ретінде Кореяға аттанған. Осылайша медициналық білімі жоқ адам «Каюга» кемесінде кеме дәрігері болып жұмыс істеген. 

Кейін Фердинандтың есімі газет беттерінде де кездесе бастаған. Бір күні оған ауыр дене жарақаттарын алған 16 сарбаз жүгінген. Оған дейін Демара басқа науқастарды пенициллинмен емдеп жүрді. Сарбаздарға ота жасамас бұрын ол хирургия туралы оқулықты оқып алып, өмірінде алғаш рет барлық оталарды өз бетінше жасады. Өткізілген отадан кейін барлық сарбаз аман қалғаны таң қалдырады. Сол кезде Уолдо Демараның алаяқтық әрекеттері жайлы білген Джозеф Сираның анасы халыққа барлық шындықты жайып тастайды. Алаяқтығы әшкере болған соң,  кеменің капитаны бұл хирургтің ешқашан қолына скальпел ұстамағанына сене алмайтынын айтқан.

а

Канада әскери-теңіз күштері Демараға айып тағудан бас тартып, оны Америка Құрама Штаттарына қайтарады.

Арада біраз уақыт өткеннен кейін Демара Техастағы түрме бастығының орынбасары қызметін атқарады. Онда Демара қылмыскерлерге қолданылатын психологиялық қайта құрудың маңызды бағдарламасын бастап, оны сәтті аяқтады.

а

Фердинанд Уолдо Демара 1982 жылы жүрек талмасынан қайтыс болды.

Айта кетейік, Фердинанд туралы бірнеше кітап жазылып, фильм мен сериалдар түсірілді.