Экономика • 29 Маусым, 2023

Қазақстан Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде жоғарылады

270 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

IMD рейтингі -  «Экономикалық қызмет», «Үкіметтің тиімділігі», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым» факторларын бағалайтын кешенді зерттеудің нәтижесі. 2023 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы 2022 жылғы рейтингпен салыстырғанда 6 тармаққа көтеріліп, 66,11 балл нәтижесімен 37-орынға табан тіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде жоғарылады

Экономика зерттеу институтының ақпаратына сәйкес, осы жылдың барлық факторы бөлінісінде ел позициясының жақсарғаны байқалады және тек «Инфрақұрылым» факторы бойынша нашарлау байқалған (46-дан 47-орынға дейін).

«Экономикалық қызмет» факторы бойынша Қазақстан 1 позицияға көтеріліп, 57-орынға тұрақтады. Нәтиженің жақсаруына келесі факторлар әсер еткен: 

«Халықаралық сауда» - 46-орын (15 тармаққа өсу), бұл төлем балансының ағымдағы шотының профицитімен (ІЖӨ – нің 3,7%-ы, 2022 жылы - ІЖӨ-нің 2,97%-ы тапшылығы) және сауда жағдайлары индексінің жақсаруымен (экспорт құнының бірлігінің импорт құнының бірлігіне өсуі) түсіндіріледі, ол бойынша ел позициясының 58-ден 6-орынға дейін өсуі байқалады.

«Сыртқы инвестициялар» - инвестициялық активтер портфелі 43 орын (11 тармаққа өсу) (2022 жылғы рейтингте - 6,71 млрд АҚШ долларынан 2023 жылғы рейтингте - 1,2 млрд АҚШ долларына дейін) және инвестициялық міндеттемелер портфелі (2022 жылғы рейтингте 1,42 млрд АҚШ долларынан 2022 жылғы рейтингте 2,38 млрд. АҚШ долларына дейін) бойынша оң серпінге байланысты.

«Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан 2 тармаққа көтеріліп, 23-орынға ие болды. Жақсарту 3 қосалқы фактор бөлінісінде ел позицияларының артуымен түсіндіріледі: 

«Мемлекеттік қаржы» - 16-орын (3 тармаққа өсу) негізінен мемлекеттік бюджеттің қалыптасқан профициті есебінен (ІЖӨ-нің 0,09%, 2022 жылы-ІЖӨ-нің - 4,1%);

«Бизнес туралы заңнама» - 29-орын (5 тармаққа өсу);

«Қоғамдық жүйе» - әйелдер мен ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі (1,31-ден 1,28-ге дейін) арасындағы айырмашылықтың төмендеуіне, сондай-ақ «Баспасөз бостандығы» әлемдік рейтингінде ел позициясының жоғарылауына (59-дан 53-орынға) байланысты 34 орын (3-тармаққа өсу).

«Бизнестің тиімділігі» факторы шеңберінде қосалқы факторлар бойынша жағдайдың жақсаруына байланысты ел позициясының 1 тармаққа 31 орынға дейін көтерілуі байқалады:

«Өнімділік және тиімділік» - «Жалпы өнімділіктің нақты өсуі (СҚП)» көрсеткіші бойынша оң динамикаға байланысты 40-орын (9 тармаққа өсу) (2022 жылғы рейтингтегі 0,26%-дан 2023 жылы 3,19%-ға дейін). 

«Қаржы» - қаржы карталарымен операциялардың өсуіне (2 тармаққа өсу) (2022 жылғы рейтингте жан басына шаққандағы 11 576 АҚШ долларынан 2023 жылы жан басына шаққандағы 13 750 АҚШ долларына дейін) және «Акциялардың бастапқы жария ұсынысы (IPO)» көрсеткіші бойынша оң динамикаға байланысты 43-орын, ол бойынша ел 9 тармаққа өсті (2022 жылы 49-дан 2023 жылы 40-қа дейін).

«Инфрақұрылым» факторы бойынша жағдайдың шамалы нашарлауы – 47 орын (1 тармаққа төмендеу) «Технологиялық инфрақұрылым» – 52-орын (1 тармаққа төмендеу) және «Ғылыми инфрақұрылым» – 56-орын (2 тармаққа төмендеу) қосалқы факторлары бойынша позициялардың төмендеуі есебінен болды.

Респонденттердің пікірінше, Қазақстан Республикасы экономикасының неғұрлым тартымды 5 факторының қатарына мыналар жатады: қолайлы бизнес-орта (респонденттердің 56,9%), экономиканың серпінділігі (52,0%), қаржыландыруға қолжетімділік (43,5%), бәсекеге қабілетті салық салу жүйесі (42,7%), саясаттың тұрақтылығы мен болжамдылығы (42,7%).