Жамбы ату бойынша еліміздің ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарып, бас жүлдені жеңіп алды. Аталған халықаралық додада ел намысын Ералхан Айкөз, Бақдәулет Бабажан, Батыр Бексауыт, Мадияр Шәріпбаев сынды мергендер қорғады.
Сондай-ақ ат үстінде садақ ату өнері жоғары дәрежеде дамыған Германия, Франция, Финляндия, Италия, Португалия, Мажарстан сияқты елдердің мергендерін таңғалдырған жерлестеріміз «Корей» стилі бойынша (ат үстінде садақ атуда ең қиын стиль түрі) өткен сайыста да үздік шықты. Атап айтар болсақ, Ералхан Айкөз – алтын, Батыр Бексауыт күміс медаль алды. Ал «аңшылық трек» нысанасы бойынша Мадияр Шәріпбаев күміс жүлдені еншіледі.