Спорт • 04 Шілде, 2023

Екі кезең артта қалды

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері велошабандоздардың бейресми әлем чемпионаты саналатын «Тур
де Франс» велокөпкүндігі өтіп жатыр.

Екі кезең артта қалды

Жарыстың екінші кезеңінде велошабандоздар Витория-Гастейс мен Сан-Се­бастьян қалаларын жалғастырып жатқан 209 шақырымдық қашықтық жолды жүріп өтті. Бұл кезеңде Францияның жүйрігі Виктор Лафэй («Cofidis») шашасына шаң жұқтырмады. Ол мәре сызығын 4 сағат 46 минут 39 секундта қиып өтті. Екінші және үшінші орындарды бельгиялық Воут Ван Арт («Jumbo Visma») мен словениялық Тадей Погачар («UAE Emirates») иеленді. «Астана» сапында өнер көрсетіп жүрген колумбиялық велошабандоз Харольд Техада екінші кезеңде 26-орыннан көрінді.

Ал жалпы есепте британиялық Адам Йейтс («UAE Emirates») жеке-дара көш бас­тап тұр. Оны словениялық командаласы Тадей Погачар мен сыңары Саймон Йейтс («Team Jayco-AlUla») өкшелеп келеді. «Астана» клубы өкілдерінің арасында ең үздік нәтиже Харольд Техадаға тиесілі. Ол 25-орында келе жатыр.