Қоғам • 04 Шілде, 2023

Қазақстанда күріш қымбаттай ма?

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда күріш қымбаттай ма?
Ербол Қарашөкеев елде күріш егу көлемі қысқармайтынын, сондай-ақ алдағы уақытта күріш өнімінің төмендеуі болжанбайтынын алға тартты.
«Біз өзімізді күрішпен толықтай қамтамасыз етеміз, өнімнің бір бөлігін шетелге де экспорттаймыз. Ел азаматтарына күріш жетпеген жағдайда бағасы күрт өседі деп болжап отырған жоқпыз. Биыл күріш уақытылы егілді, өнім жақсы болады деп отырмыз», деді министр.

Десе де министр күріш бағасы қандай деңгейде болатынын айтпады.

«Бұл сұраққа ешкім нақты жауап бере алмайды. Жыл сайын қанша жинап жүрміз, сонша жинаймыз. Экспортқа көп шығарылмайды. Осыған байланысты елдегі жалпы инфляция аясында баға сәл көтерілуі мүмкін», деді Ербол Қарашөкеев.