Университет • 04 Шілде, 2023

Жасанды интеллект мектебі

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында ғана Сырда Сеул ұлттық ғылым және технологиялар уни­верситетінің филиалы ашылатынын хабарлаған едік. Бүгінде СеулТех пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ара­сындағы «Халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші уни­вер­ситеттік жоба» жүзеге асырыла бастады. Алда жергілікті оқу орда­сында жасанды интеллект мектебі құрылып, мамандар даярланады.

Жасанды интеллект мектебі

Осыған байланысты Сыр өңі­ріне жұмыс сапарымен келген СеулТех университетінің делегациясымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов кездесіп, алда бірлесіп атқарар шаруаларды талқылады.

Профессор Часу Ким мен Сунг­гон Ким бастаған LUPIC жоба­сы­ның өкілдері біршама уақыт Қор­қыт ата атындағы университетте зертханаларды орналастырудың кеңістіктік аспектілерін, бизнес-инкубация орталығын құруға қатысты мәселелерді зерттейтін болады.

Осы жылдың мамыр айында Қызылорда облысының әкімі Нұр­лыбек Нәлібаев Кореяға сапары аясында Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университетінің президенті Ли Донг Хун мырзамен кездесіп, Сырда оқу орнының филиалын ашуды ұсынған болатын. Өңірде осы жобаны іске асыру­ға жан-жақты қолдау көрсетіліп, білім алушыларға жыл сайын облыс әкімдігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан грант­тар беріледі. Облыстың даму бағ­дарламасы бюджетіне кампус пен технопарк құрылысын енгізу де жоспарланып отыр.

 

ҚЫЗЫЛОРДА