Теннис • 05 Шілде, 2023

Екінші айналымға шықты

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лон­дон­да жалауы желбіреген теннистен Уимблдон турнирін жерлесіміз Алек­сандр Бублик сәтті бастап, жа­рыс­тың екінші айналымына жолдама алды.

Екінші айналымға шықты

Ерлер арасындағы елі­­міздің бірінші ракет­касы «Үлкен ду­лы­ға» санатындағы тур­нирдің алғашқы айна­­лымында дүние­жүзілік рейтингте 54-орында тұрған амери­калық Маккензи Мак­дональдпен бақ сынасты. Бірінші партия ә дегеннен тай-брейкке дейін жалғасып, 13 геймде америкалық спортшының бағы жанды – 7:6 (7:3). Екінші партияның сегізінші геймінен кейін таразы басы 4:4 есебімен теңесіп тұрған мезетте Бублик брейк жасап, сосын өз гейміне ұпай алып, бұл сетті жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Үшінші сет басталған сәтте жерлесіміз допты ойынға қосқанда қателікке бой алдырып, қарсыласының брейк жасауына жол беріп қойды – 0:2. Дегенмен, кейіннен таразы басын теңестіре алды – 4:4. Содан кейін тағы бір брейкке қол жеткізіп, үшінші партияны да өз пайдасына аяқтады – 6:4. Төртінші партияда отандасымыз өте сенімді ойын көрсетіп, 6:4 есебімен матчты аяқтады. Енді Александр екінші айналымда тағы бір америкалық теннисші, әлемнің 48-ракеткасы Джеффри Джон Вольфпен кортқа шығады. Ал кеше кешкісін әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина мен еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдондағы алғашқы ойынын өткізді.