Спорт • 04 Шілде, 2023

Чемпионатты жеңіспен бастады

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері елордада пара волейбол­дан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың бірінші күнінде еліміздің әйелдер және ерлер құрама­лары сары құрлық бәсекесіндегі алғаш­қы ойындарын өткізіп, чемпионат­ты жеңіспен бастады.

Чемпионатты жеңіспен бастады

Атап айтар болсақ, ерлер командасы тұсаукесер кездесуінде Күншығыс елі­нің өкілдерімен шеберлік байқасып, Жапо­ния волейболшыларын 3:0 есебімен тізе бүктірсе, әйелдер құрамасы да 3:0 есебімен Үндістан спортшыларынан басым түсті. Кеше еліміздің әйелдер құрамасы Иран спортшыларымен кездессе, ерлер командасы бүгін Иракпен ойын өткізеді.

Пара волейболдан Азия чемпионаты шілденің 8-іне дейін жалғасады. Биылғы байрақты бәсекеге 9 мемлекеттен (Иран, Ирак, Үндістан, Жапония, Корея, Қытай, Моңғолия, Тайланд, Қазақстан) 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жарыс жеңім­паздарына 2024 жылғы Париж па­ралим­пиа­дасының жолдамасы беріледі.