Президент • 05 Шілде, 2023

Президент: Астана – мол мүмкіндіктер қаласы

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы елорданың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында Астана – жас әрі мақсаты асқақ қала екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент: Астана – мол мүмкіндіктер қаласы

«Елімізде Әділетті Қазақстан құру үшін ауқымды институционалдық өзгерістер жүзеге асырылып жатқаны баршаңызға мәлім. Маңызды саяси реформалар жүргізілді. Азаматтардың мемлекеттік, әсіресе, жергілікті жерде шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі едәуір кеңейді. Еліміздегі қала тұрғындары енді өздері сыйлайтын әрі сенетін депутаттарды таңдау мүмкіндігіне ие болды. Бұл жауапкершілігі мол азамат қағидаттарын орнықтыруға елеулі үлес қосады. Адамдардың өз қаласындағы тұрмыс-тіршілікті жақсарту ісіне ықпал етуге мүмкіндік береді», деді Мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар Президент  қоғамның құндылықтар жүйесі жаңғырмай, барлық реформамыздың мәні болмайтынын айтты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы жастарға үлкен сенім артатынын жасырмады. 

«Астана – жас әрі мақсаты асқақ қала. Ұлан-байтақ еліміздің әр аймағынан келген азаматтарымыз қалада тұрақтап қалуға тырысады. Талай жастың елордада бағы ашылды, олар өмірден өз орнын тапты. Бүгінде Астана – мол мүмкіндіктер қаласы. Мұнда әрбір азамат өз әлеуетін пайдаланып, мансап жолында жетістікке жетіп, өзінің арман-мақсатын жүзеге асыра алады.

Астана – өзгерістердің қайнаған ортасы, түбегейлі жаңғырулардың асыл діңгегі. Бұл жерде жалпыұлттық бірегейлігіміздің жаңа қырлары мен ұлттың жаңа сапасы қалыптасады», деді Президент.