Ауа райы • 07 Шілде, 2023

Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 7 шілде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Ақтөбе және Астана қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.