Оның айтуынша, жылда қайталанатын жағдайдан құзырлы мекемелер сабақ алмай келеді.
«Улайтын мекемелерде жауапкершілік жоқ. Мемлекеттік сатып алуда олар көрсеткен техникалар, препараттар түгел ме, жоқ па, дәрілерді суға жеткілікті деңгейде қосқан-қоспағанын ешкім білмейді. Жауапты басқарма, департаменттер, аудан әкімдігі бақылауды қағаз жүзінде жасайды.Зиянкестерді улау жұмысы ақсап тұр. Мойындау керек. Жүйе жоқ. Алгоритм дұрыс емес. Ашықтық туралы айтпай-ақ қояйық» дейді ол.
Дәурен Сейітжанұлы тиісті мекемелердің салғырттығын сынға алады. Оның айтуынша, журналистің бірнеше күн бұрын жазған жазбасындағы сұрақтарға құзырлы мекеме атүсті жауап берген.
«Креолин - Х препараты қанша тонна? Оған қанша жұмсалды? Құпия күйінде қалды. Неге? Ал уақыт озған сайын мал-жанның мазасы қашып жатыр», деп ойын аяқтады ол.