Өнім • 10 Шілде, 2023

Кәсіпкерлер өнімі

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада өткен жергілікті тауар­ өндірушілер көрмесіне «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қа­тысушы қыз-келіншектер өнім­дерін қойды. Облыстық кәсіп­керлер палатасы өкілдері осы жоба аясында жұмыс істеп жат­қан 23 кәсіпкер көрмеге биыл алғаш рет қатысып отыр­ған­ын айтады.

Кәсіпкерлер өнімі

Облыс әкімінің орынбасары Бал­мейір Сансызбайұлы көрмені аралап, қатысушылармен пікірлесті. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкер­лік­ті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясын­да биылдан бастап республика көле­мінде «Мен – кәсіпкер» жобасы бас­талды. «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы», «Бір ауыл – бір өнім» жоба­сы және шағын және орта бизнес өкіл­дерінің кәсіпкерлік әлеуетін арттыру үшін «Кәсіпке бағыт» атты салалық оқы­туды қамтитын бастама осыған дейін Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қос­танай және Маңғыстау облыстарында қанатқақты режімде сәтті жүзеге асқан.

Тарихына тереңдесек, өткен ға­сыр­да Жапонияда басталған жоба­ның мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсіп­кер­лік әлеуетін арттыру. Қолда бар жер­гілікті шикізатты іске жаратып, елді мекендерде жұмыс орнын ашып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру.

«Бұл жобаға тек қыз-келіншектер ғана қатыса алады. Бүгінгі іс-шараға қа­тысушылардың өнімдерін арнайы са­рапшы комиссия қарап шықты. Жеңімпаздар жақында анықталады. Олар жаңашыл бизнес-идеяларға арналған грантқа қатыса алады. Ал бі­рінші орын иегерінің тауарлары­на арнайы мамандар маркетингтік сү­йемелдеу жасайды», деді Кәсіп­керлер палатасының директоры Пір­мұ­хам­мед Сыздықов.

 

Қызылорда