Спорт • 10 Шілде, 2023

Паралимпиада жолдамасын иеленді

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың 25 жылдығына орай ұйым­дастырылған параволейболдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы күміс жүлде олжалап, келер жылы Парижде алауы тұтанатын жаз­ғы Паралимпия ойындарының жолдамасын жеңіп алды.

Паралимпиада жолдамасын иеленді

Бас қалада жалауы желбіреген Сары құрлық додасында жерлестерімізден бөлек, Азияның ең мықты құрамалары саналған Жапония, Таиланд, Иран, Ирак, Оңтүстік Корея, Моңғолия және Үндістан секілді се­гіз елдің параволейболшылары Азия чем­­пионатының бас жүлдесі мен Пара­лим­пиа­да жолдамасын сарапқа салды. Отан­дас­та­рымыз құрлық біріншілігінің жарты­лай финалында Қытай командасын 3:2 есебі­­мен жеңіп, чемпионаттың финалына шы­ғып қана қоймай, 2024 жылы Парижде өте­тін Паралимпиада ойындарының лицензия­сына қол жеткізген-ді.

Алайда финалдық бәсекеде Азияның азулы құрамасы, чемпионат барысында бірде-бір ойында жеңілмеген Иран командасымен шеберлік байқасып, аса тартысты өткен кездесуде қонақтардан 3:0 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстанның параволейбол командасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.