Қазақстан • 10 Шілде, 2023

Қазақстанда екі ЖОО-ның атауы өзгереді

988 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда екі университеттің атауы өзгереді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда екі ЖОО-ның атауы өзгереді
Атап айтқанда, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КЕАҚ-ны »Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КЕАҚ деп атау ұсынылып отыр. Сонымен қатар университетке Өзбекәлі Жәнібековтің есімі беріледі.

Аталған университетке Өзбекәлі Жәнібеков есімін беру жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының мәртебесін арттыруға мүмкінді береді.

 

Сондай-ақ «А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ атауының транскрипциясы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ болып өзгереді.

Құжат 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жарияланған.