Есірткі • 11 Шілде, 2023

Қостанай облысында полиция қызметкерлері есірткі сатқан

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында үш полицей есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Қостанай облысында полиция қызметкерлері есірткі сатқан

ТоболИнфо ақпарат агенттігінің мәліметінше, полицейлер қылмыскерлерге қосылып, есірткі саудасымен айналысқан. Іске 3 полиция қызметкері қатысқан.

«Қостанай облысы бойынша ІІД қызметкері Амзе А.М-ның қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оны Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті жүргізіп жатыр», делінген «ТоболИнфо» сайтында. 

Қостанай облысындағы полиция қызметкерлерінің бір бөлігі қызметінен кетті. Біреуі өзі арыз жазса, басқалары қызметтік тергеу нәтижесінде босатылды.

«Қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Әлмағамбетов А.Қ., орынбасары Қартбаев А.Ж., Қостанай қаласы полиция бастығының орынбасары М.Н.Базарбаев, Қостанай қаласы бастығының орынбасары Шұбайов Б.А., Қостанай ММ бастығы Атығаев А.А. Қостанай облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Ынтықбаев А.К. ішкі істер органдарынан жұмыстан шығу туралы арыз жазған. Облыстық полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасының бастығы Дюсебаев Қ.А. қызметінен босату туралы хаттама толтырды», деді полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Алексей Милюк.

Басылымның мәліметінше, бұл аймақтағы полицейлер бұған дейін де есірткі таратқан. 2014 жылы осыған ұқсас жағдайда форма киген 10 полиция қызметкерлері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.