«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, бүкіл кезең ішінде шығыста, 13 шілдеде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45°С-қа дейін аптап ыстық болады. Республика бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
«Күндіз ауа температурасы солтүстікте және орталықта +30°С-қа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +30+37°С-қа дейін төмендейді, республиканың батысында негізгі фон +25+35°С болады», делінген хабарламада.
Болжам бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
«14-15 шілдеде солтүстік-батыста, 15 шілдеде еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында күн ашық болады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.