Қоғам • 12 Шілде, 2023

Қостанай облысында есірткі таратқан күдікті ұсталды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының полицейлері жасырын орынға есірткі қойып кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында есірткі таратқан күдікті ұсталды

- «Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Рудный қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол есірткіні жасырын орынға қойып кету арқылы таратқан, - делінген Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Күдіктіден «PvP» есірткісінің 96 байламы тәркіленген. Сонымен қатар гаражды тексеру кезінде синтетикалық есірткінің тағы 65 орамы тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 50 грамнан асады. Күдікті 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, курьер есірткіні Telegram канал арқылы таратып, Рудныйға ғана емес, Лисаковск қаласына да қойып кетіп отырған.