Кездесуге сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы комитеті (БҰҰ ТҚК) Атқарушы директоратының Атқарушы директоры Наталья Герман қатысты.
Тараптар өңірлік қауіпсіздік, Ауғанстандағы ахуал, «Жусан» және «Русафа» қазақстандық гуманитарлық операциялары, Қазақстанның БҰҰ ТҚКБ және ТҚК-мен өзара іс-қимылын талқылады. Сондай-ақ БҰҰ-ның Орталық Азия мемлекеттеріне терроризмге қарсы күрес, зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бағдарламалық қолдауы мәселелері сөз болды. Кездесуде Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның орнықты дамуы жөніндегі Өңірлік орталығын құру жөніндегі Қазақстан бастамасы талқыланды.
Осы күні Сыртқы істер министрлігінде ведомствоның Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары В.Воронковтың төрағалығымен Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдеріне арналған брифинг өтті. Іс-шара БҰҰ Терроризмге қарсы күрес басқармасының жұмысы және Орталық Азия мемлекеттеріне жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы тұруға көмегі туралы хабардар болуды арттыруға бағытталған.
БҰҰ-ның жоғары лауазымды өкілдерінің сапары 13-14 шілдеде Астанада өтетін Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия Форумына қатысуына орайлас ұйымдастырылды.