«Ертіс өзенінің «Пристань» қалалық жағажай ауданында 1998 жылы туған азамат мас күйінде шомылуға барып, кері оралмаған. Құтқарушылар бір сағат ішінде ер адамның жансыз денесін тапты», деп жазылған хабарламада.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 4 адам мен 1 жүзу құралы жұмылдырылды.