Түркістан облысының «Мақтаралы» Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдады.
Кездесу барысында 12-минутта түркістандық клубтан Антон Шрамченко есеп ашқан еді. Оған 21-минутта қызылордалық командадан Валерий Приндета бір гол соқты.
Ойынның 94-минутында «Мақтарал» шабуылшысы Рамазан Кәрімов пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Ал 97-минутта Валерий Приндета есепті теңестірді.
Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.
Ал қарағандылық «Шахтер» өз алаңында «Ақтөбеге» 0:1 есебімен жол берді.
Айта кетсек, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» Көкшетаудың «Оқжетпесін» 1:0 есебімен жеңді.
Енді бүгін 20:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.
Бұл турдағы «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Астана» кездесуі 24 мамырда өткізіліп, елордалық команда 1:0 есебімен басым түсті.
Енді 27 қыркүйекте «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шығады.