04 Маусым, 2010

АЗИАДА–2011: ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ НЕШІК?

626 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында  2011 жылы   Алматы  мен Астана қалалары мен Алматы облысында VІІ қысқы Азия ойындары өтетін спорттық нысандар құрылысының дайындық мәселесіне қатысты кеңес өткізді. Қалай дегенде де, мұндай әлем­дік деңгейдегі іс-шараны өт­кізу оңай шаруа емес. Оның үстіне бүгінде әр мемлекет өзінің әлем алдындағы әлеуетін спорт арқылы көрсетуді дәс­түрге айналдырып, бәсеке­лестікке түскенде, әсіресе, мұндай ірі ауқымдағы доданы ал­ғаш өткізіп отырған жас тәуелсіз Қазақстанға, бір жағынан, мәр­те­бе, мерей десек, бір жағынан, жауапкершілік әрі сын болғалы тұр. Сондықтан да, Елбасы осын­дай күрделі де ауқымды мәселеге үлкен маңыз беріп отыр. – Біздің еліміз алға қойған мін­деттерді орындауда үлгі көр­се­тетініне және Азиада идеясын алға жылжыту ісінде жаңа биік план­ка­ны тапсыратынына сенім­дімін. Біздің елімізде Азия ойын­дарын өт­кізу – бұл Қазақ­стан­ның әлем­дік спорттық қозға­лыс­тағы халық­аралық беделінің көр­сеткіші, – деп атап өтті Н.На­зар­баев кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде. Кеңесте әр тараптың жеке-жеке есебі тыңдалды. Туризм  және спорт министрі Темірхан Досмұ­ха­медов ақ Азиадаға қатысты ша­раларға жалпылама шолу жасап, олардың қаншалықты деңгейдегі дай­ындығынан мәліметтер келтір­се, Алматы қаласының әкімі Ах­мет­жан Есімов оңтүстік астана­да­ғы спорттық ойындар өтетін және басқа да нысандардағы жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысын, оның ішінде “Медеу” мұз айдыны, “Шымбұлақ” тау шаңғысы, халықаралық шаңғы трамплин кешендері, Балуан Шолақ атын­да­ғы Спорт сарайы дайындығының кестеге сәйкес атқарылып жат­қан­ды­ғын жеткізді. Алматы облы­сы­ның әкімі Серік Үмбетов өз кезе­гінде Алматы облысы, Талғар ауда­нын­дағы Солдат шатқа­лын­дағы шаңғы және биатлон ста­дион­дар кеше­нін­дегі жұмыстың қалыпты жүргізіліп жатқанын, сонымен қатар 7-ші Қыс­қы Азия ойындары  өтетін ны­сан­дар қата­ры­на Алматы облысы­ның аума­ғын­да орналасқан Табаған спорт­тық ойын-сауық кешенінің де қо­сылғанынан хабардар етсе, Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун Арқа төрінде атқарылып жатқан дайындық барысын баяндады. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ