Аймақтар • 16 Шілде, 2023

Өрт дер кезінде сөндірілді

269 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай облысында тағы да өрт тұтанды. Бұл жолы Бесқарағай ауданында. Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдегендей, «Шошқалы» демалыс аймағынан шыққан өрт 350 гектар аумақты шарпыған.

Өрт дер кезінде сөндірілді

Шілденің 15-і күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданына барған жұмыс сапарынан оқиға орнына жедел жетіп, жағдаймен танысты. Дер кезінде қабылданған шешімнің арқасында тілсіз жау жай­лаған аумақ оқшауланды. Қазіргі уақытта онда сақтық шаралары күшей­тілген.

«Шошқалы» демалыс аймағы то­лықтай полиция мен төтенше жағдай қызметкерлерінің бақылауында. Бес­қарағай ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбаевтың айтуынша, тұр­ғындар үшін алаңдауға еш негіз жоқ.

см

– «Шошқалы» демалыс аймағында орын алған өрт дер кезінде сөндірілді. Аудан әкімі Талғат Мұратов қазір сол жерде. Демалыс аймағына келушілер толықтай көшірілді. Өрт шарпыған аумаққа қатысты қосымша жаңа ақпарат жоқ. Тілсіз жауды ауыз­дықтауға жеке құрам мен бір тікұшақ атсалысты. Аудандағы төтенше жағ­дай әзірге күшінде қалып тұр, – деді Н.Ағыбаев.

Аталған аймаққа барған демалушылардың айтуынша, өрт 14 шілде кешкісін найзағай түскеннен кейін тұтанған. «Се­мей орманы» мекемесі де, тиісті орган­дар да жағдай бақы­лау­да екенін мәлім­дегенімен, қызыл жалын­ның қауіпі әлі де жоғары. Сон­дықтан өрт сөнді­рілгенімен, ол кез келген уақытта желдің күшімен лап ете қалуы мүмкін. Осы себептен орманды аймақ жіті бақылауда болғаны абзал деседі мамандар.

– Беген ауылынан келіп, демалу­шыларға аз-кем қызмет көрсетіп, кә­сіп жасап жүр едік. Мына жағдайдан соң бәрі­мізді ол аумақтан толықтай шы­ғар­ды. Дегенмен жағдай дұрысталған ­соң ісіме қайта кірісем деген үмітім ­бар, – дейді Сәруар есімді азамат.

Түйіндей айтқанда, өрт сөндірі­ліп, жалынның жолы кесілгенімен, оның қайта тұтануы мүмкін деген көз­дерімен күрес әлі де жалғасып жатыр. Әсіресе қарағайлардың ұшар басын­­да­ғы бұталардан басталатын жалын жел екпінімен күш алса, өте қауіпті. Бұ­ған өткен айда Бородулиха аумағын­дағы 15 адамның өмірі мен 60 мың гек­тар орманды жалмаған алапат өртті айт­сақ та жеткілікті.

 

Абай облысы