
Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
«Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тас жолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көліктер отқа оранған. Нәтижесінде 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен», деп хабарлады ведомство.
Оқиға орнына облыстық ПД басшылығы барды. Қазір оқиға орнында Бәйдібек АПБ полицейлері жұмыс істеп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.