«Өрт аумағы 650 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау сағат 16:45-те оқшауланды», делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиға орнына қалалық ТЖД 62 қызметкері мен 17 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.
Өрт 17:38-де сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығындар анықталып жатыр.