Қарсы алдында жолбарыстың суреті бар алтыннан жасалған бұйым. Өзегін бойлай аралық саңылауы бар цилиндр пішінді. Ұзындығы 1,8 см, ені 1,7 см. Шамамен, костюмнің бөлшектеріне – бауларды біріктірушілерге жатады. Қарсы алдындағы және екі бүйіріндегі беті дөңес, бауға бекітілген сыртқы жағы жайпақ. Бұйымның қарсы алдындағы бетінде жолбарыстың алдыңғы аяқтарының үстінде жатқан басы, екі бүйіріндегі беттерінде қанаттары бейнеленген. Жолбарыстың басы биік бедерлеу арқылы жасалған. Қанаттары доға тәрізді, қисық сызықпен кескінделген. Қанаттарының шиыршықтарында тегістеген іздер сақталған. Бұйым «балауызды жою» әдісімен құйылған деседі. Бұрыштары терең әрі жоғары көтерілген кең аузы жолбарыстың бет әлпетіне «күлген» көрініс беріп тұр. Мұндай бет әлпеті осы кешендегі басқа да аң тәрізді бейнелерге тән. Тізбе әшекейдің жоғарғы және төменгі жиектері сырттай қарағанда бұдырланған сияқты бедермен жұмырланып безендірілген.
Ұлттық музейдің қорында бізге беймәлім жәдігерлер көп. Тарих көмбесінен сыр шертетін түрлі бұйымдар әр ғасырдағы мәдениетке жатады. Мәселен, соның бірі – барыс типті белдік әшекейі. Ол Есік қорғанынан табылған. Біздің дәуірімізге дейінгі V- VІ ғасырларға жатады.
Түркістан облысында Отбасын қолдау орталығы ашылды
Отбасы • Кеше
ТМД Парламентаралық ассамблеясы отырысы
Саясат • Кеше
Сатира • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше