Спортты дамыту дирекциясы хабарлағандай, оқ ату бойынша ұлттық құрама мүшесі Никита Чирюкин Оңтүстік Кореяның Чанвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті. Кіші калибрлі тапаншадан 25 метрге оқ атуда оған ешкім теңдесе алмады.
Күміс медальді қытайлық Чжан Жихао иеленсе, қола медальді кореялық Сук Джин Хун еншіледі.
Енді бір алтыны бар Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы есепте сегізінші орынға табан тіреді.
Аталмыш әлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады. Биыл жарысқа әлемнің 45 елінен 600-ден астам спортшы қатысып, бақтарын сынап жатыр.