![Елімізде жаңбыр жауып, күн суытады](/media/2023/07/19/1645989907_64-vsegda-pomnim-com-p-silnii-dozhd-foto-77.jpg)
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
«Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін төмендейді», делінген хабарламада.
Болжам бойынша, 21 шілдеден бастап еліміздің батысында жауын-шашын тоқтайды.