Спорт • 22 Шілде, 2023

Софья Берульцева Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Софья Берульцева Азия чемпионатында ұлттық құрама қоржынына алтын медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Софья Берульцева Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

21 шілдеде Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасында XIX Азия чемпионаты басталды. Әлемнің 31 елінен 400-ге жуық татами шебері жиналған дүбірлі додада Қазақстанның 19 спортшысы бақ сынап жатыр.

Кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (68 келіден жоғары) өз салмағы бойынша қарсыластарының барлығын жеңіп, чемпион атанды.

Финалға шыққан тағы бір қазақстандық Дидар Әмірәлі күміс медаль еншіледі.

Кумите бағдарламасында Жоламан Биғабыл, ката бағдарламасында Лия Қошқарбаева өз салмақтарында қола жүлделерді қаңжығаларына байлады.

Азия чемпионаты 23 шілдеде аяқталады.

Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Аурухана жағдайымен танысты

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Саясат • 13 Шілде, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Экономика • 13 Шілде, 2024

Көршінің наны

Қоғам • 13 Шілде, 2024