Мектеп • 22 Шілде, 2023

Қазақстанда алғаш рет оқу орнына кірудің биометриялық жүйесі енгізілді

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталмыш жүйе Ақтөбе мектептерінің бірінде пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда алғаш рет оқу орнына кірудің биометриялық жүйесі енгізілді

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбеде Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 IT мектеп-лицейінде пилоттық режимде балалар мен педагогтерге арналған мектепке биометрия арқылы кіру енгізілді. Бұл жөнінде Halyq Uni сайты хабар таратты.

Жоба елімізде алғаш рет іске асырылды. Alaqan Мektep жүйесі идентификатор ретінде алақан тамырларының биометриясына негізделген, ол саусақ ізімен салыстырғанда күрделірек және өзіндік ерекшеліктері бар.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жүйенің жұмыс істеу барысымен және оның артықшылықтарымен танысты. Мектеп-лицей өкілдерінің айтуынша, Alaqan Mektep – білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және оқу процесін цифрландыруға мүмкіндік беретін бірыңғай экожүйе.

Оқушылар алақанды сенсорға қою арқылы кітапханадан кітаптар алып-тапсыра алады және асханада төлем жасай алады. Ал ата-аналар балаларының мектептен келу-кету уақытын біле алады, сонымен қатар мобильді қосымша арқылы балаларының асханадағы мәзірі мен шығындарын бақылай алады.

Сондай-ақ Alaqan Mektep көмегімен кітапхана жұмысын автоматтандыру арқылы оның қызметін жаңа деңгейге шығаруға, соған қоса мектептер арасындағы кітаптар қозғалысының процестерін цифрландыра отырып, өңірдегі барлық мектептердің бірыңғай кітап қорын құруға мүмкіндік береді.

«Қолайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастыру білім беру нысандарында басым міндеттердің қатарында. Жобаның тиімді жүзеге асуы нәтижесінде оның ауқымын кеңейту мәселесі қарастырылады», деді облыс әкімі.