Төтенше жағдай • 22 Шілде, 2023

Ақмола облысында 400 гектар алқап өртенді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысындағы далада 400 гектар алқапты өрт шарпып, төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында 400 гектар алқап өртенді

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт 21 шілде күні сағат 16:32-де Степногорск қаласының Азат ауылы ауданында шыққан. Күш-құралдардың жедел іс-қимылдарының және дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде тілсіз жау сағат 19.30-да оқшауланып, сағат 21.30-да сөндірілген.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, өртті сөндіруге Ақмола облысының орман шаруашылығынан, жергілікті атқарушы органдарынан және ТЖД күштері мен құралдарынан 39 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50