Табиғат • 24 Шілде, 2023

Қазақстанда тағы бір табиғи қорықша құрылады

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында «Сұлутөр – Ботамойнақ» мемлекеттік табиғи қорықшасы құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда тағы бір табиғи қорықша құрылады

«Тұрар Рысқұлов және Жамбыл аудандарының аумақтарында жергілікті маңызы бар «Сұлутөр – Ботамойнақ» мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін резервіленген жер учаскелерінің қоса беріліп отырған орналасу жоспары мен экспликациясына сәйкес шекаралар шегінде жалпы алаңы 128 846 гектар жер учаскелері оларды пайдалану құқығына шектеулер (ауыртпалықтар) белгілемей 12 ай мерзімге резервте қалдырылсын», делінген жария талқылауға ұсынылған облыс әкімінің шешімінде.

Қаулы жобасына қоса берілген анықтамада көрсетілгендей, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалды құру жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемесіне облыстық экология департаментінің экологиялық сараптамасының оң қорытындысы бар.

Құжат 7 тамызға дейін көпшілік талқылауға ұсынылған.