Қоғам • 25 Шілде, 2023

Каспий теңізіне үрлемелі матраспен шыққан үш қыз құтқарылды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазтеңізкөлікфлоты» ЖШС Сұңқар кемесі экипажының мүшелері үш қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий теңізіне үрлемелі матраспен шыққан үш қыз құтқарылды

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазтеңізкөлікфлоты» ЖШС Сұңқар кемесі экипажының мүшелері үш қызды құтқарып қалғанын мәлімдеді.

«Қыздар жағалаудан 22 шақырымға ұзап кеткен. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Қыздарға медициналық көмек көрсетілді», делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті алдағы желдің күшеюі және суға түсуге арналмаған жерлерде суға түсудің алдын алу туралы SMS хабарламалар жіберген.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережеcін сақтауға шақырды.