24-шілдеде «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қостанай облысы ПД және Қарабалық ауданы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, Ресей азаматынан есірткі заттарын тәркіледі. Ол марихуананы Kinder шоколадына жасырып, шекарадан өтпекші болған.
«Ресейге қарай шекараны кесіп өтпек болған жолаушыны тексеру барысында қызметтік ит есірткінің иісін сезді. Ер адам өзімен бірге тыйым салынған заттар бар екенін мойындады. Есірткі заттарын қайда жасырғанын сұрағанымызда, ол Kinder сюрприз шоколадын көрсетті. Онда шамамен 3 гр марихуана болды», деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.
Қазіргі уақытта екі бап бойынша - ҚР ҚК 286 «Контрабанда әрекеті», сондай-ақ ҚР ҚК 296-бабы «Есірткі құралдарын сақтау» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Карима ЖҰМАҒАЛИ,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті