Аймақтар • 27 Шілде, 2023

Алматы облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам көз жұмды

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, екі Toyota көлігі соқтығысып, салдарынан 5 адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам көз жұмды

Жол апаты кеше, 26 ​​шілдеде таңғы сағат 11:00-де болған.

29 жастағы Toyota Corolla жүргізушісі Алматы-Астана тас жолының 225 шақырымында келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. 

Жол апаты салдарынан көлік жүргізушілері де, үш жолаушы да оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментіне тіркелді.