Жылыжай ішіндегі саяжай аумағын тінту кезінде жалпы салмағы 1140,55 грамм болатын қарасора өсімдігінің 73 бұтасы табылып, тәркіленді.
Ер адамның айтуынша, ол бұл есірткі заттарын жеке тұтыну үшін өсірген. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетсек, бұл баптың санкциясымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.