Қазақстан • 31 Шілде, 2023

Тамыз айында ауа райы қандай болады?

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК тамыз айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тамыз айында ауа райы қандай болады?

«Жаз мезгілінің соңғы айында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел соғады», делінген болжамда.

Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі.

Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде  +10+18°С-тан +12+22°С-қа дейін, күндіз + 22+30°С- тан 30+35°С-қа дейін, оңтүстік облыстарда түнде +18+23°С-тан +20+27°С-қа дейін, күндіз +28+35 °С-тан +34+42°С-қа дейін ыстық болады.

Республиканың батысында түнде +13+20°С-тан 20+25°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +33+41°С-қа дейін ауа температурасының шамалы ауытқуы күтіледі.

Оңтүстік-батыста түнде +20+25°C-тан +25+30°C-қа дейін, күндіз ауа температурасы +30+40°C шамасында сақталады.

Ауа температурасы солтүстік облыстарда түнде +8+15°С-тан +13+20°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +23+30°С-қа дейін ыстық болады.