Жастар • 01 Тамыз, 2023

Жастар саясатының жаңа белесі

277 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жастар арасындағы жұмыс­сыз­­дық пен еңбек жағдайын жақ­­сарту мәселелерін шешу­ге­ Кәсіподақтар федера­ция­сы­ның жанынан ашылған «Келешек» жастар кеңесі де ара­ла­сып жүр. Осы мақсатта мекеме Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетімен меморандумға қол қойды. Құрамына
400 мыңнан астам адам кіретін кеңес жас жұмыскерлердің құқығын қорғап, ұсыныстарын қабылдайды.

Жастар саясатының жаңа белесі

«Келешек» жастар кеңесі – кәсіподақ бірлестігінің құра­мын­дағы жастар саясатын үйлес­ті­руші ұйым. Оған еңбекші жас­тардың әлеуметтік, еңбек қаты­нас­тарындағы құқықтары мен мүдделерін заң аясында қорғау, жастардың күнделікті тұрмыстағы өзекті мәселелерін шешу, жастардың старт-ап жобаларын іске асыру, сонымен қатар оларды кәсіподақ құрамына тарту, т.б. міндеттер жүктелген.

– Біздің ең басты мақсатымыз жұмысшы жастарға қолайлы жағдай жасау. Әлеуметтік еңбек саласында проблемалар бар, соның ішінде жалақының өсуі, ең төменгі жалақыны көтеру, қауіпті және қиын еңбек жағдай­ларында жұмыс істейтін адамдар үшін зейнеткерлік жас­ты төмендету және басқалары. Бұл мәселелерді шешудің мысалдары федерацияның 2025 жылға дейінгі стратегиясында көрсетілген және біз үшін жастардың белсенді қатысуы алға қойылған мақсаттар үшін маңызды. Прог­ресс ескі мәселелерді шешуде­ жаңа тәсілдер пайда болған кез­де­ мүмкін болады. Яғни жас­тар­дың құқығын қорғау, мүд­де­сін қорғау. Қандай да бір ұсы­ныс­тары болса, қандай да бір жоба ұйымдастырғысы келсе, біз осы меморандумның аясында олар­ға көмек көрсете аламыз, – деді­ Кәсіподақтар федерация­сы­ жа­нын­дағы «Келешек» жас­тар­ кеңесінің төрағасы Аян Сәлім­ге­реев.

Бүгінде тараптар еңбек құн­­д­ы­­­лықтарын насихаттап, жас­­тардың өзін өзі жұмыспен қам­­туына жағдай жасамақ. Ақпа­рат және қоғамдық даму министр­лігі жастар және отбасы­ істері комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспанның айтуынша, қазір 35 жасқа дейінгі азаматтарға ведомство тарапынан жүйелі қолдау жасалады.

– Қазір елімізде 15-ке жуық рес­пуб­ли­калық жастар ұйым­ы жұмыс істеп тұр. Олар­ға біз өзіміздің тарапымыздан қолдау көрсетіп отырамыз. Бүгінде аза­маттық бастамаларды қол­дау­ орталығы арқылы осы ұйым­дарды қаржыландыру, грант­тар бөлу жұмыстары үйлес­ті­ріледі, – деді ол.

Биыл Кәсіподақтар феде­ра­циясының жастар кеңесі­нің ­ал­дында тек ұлттық емес, халық­ара­­лық деңгейдегі міндет­­тер тұр. «Келешек» ұйымы елі­міз­­дің аты­нан Орталық Азия елде­­рі­нің кәсіп­одақтары жанынан Жас­­тар кеңе­сін құрып, төрағалық ет­­пек.