Осы жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша сағат 7:30-дан (Ташкент уақыты бойынша) «Достық» бас құрылысынан Сырдария өзенінің тұсына су ағызу көлемі - 20 м3/сек жүзеге асырылды. Суды ағызу «Ақжар» гидропостына («Бахри Точик» су қоймасына ағын) ағынның ұлғаюы және тиісінше су қоймасынан ағынның ұлғаюы есебінен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар өзбек тарапы «Достық» бас құрылысынан Сырдария өзенінің тұсына ағызылатын су шығынын 50 м3/сек дейін жеткізуге ниетті.
Сол күні Чарвак су қоймасынан (Газалкент ГЭС) өткен күнмен салыстырғанда (осы жылдың 27 шілдесі) су жіберу 290 м3/сек-тен 310 м3/сек дейін ұлғайтылды.
Алайда бұл су көлемі Сырдария өзенінің бөгетінде су ағызуды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз және Чирчик өзенінің бассейнінде суару қажеттілігі үшін су шаруашылығы арналары арқылы жіберіледі.
Айта кетсек, осы жылғы 27 шілдедегі жағдай бойынша Чарвак су қоймасындағы су көлемі - 1936 млн м3 (ең жоғарғы көлемі - 2006 млн м3.).