Қоғам • 01 Тамыз, 2023

Қандастар көші тоқтамайды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистірлігінің Көші-қон комитеті «Еңбек ресурс­тарын дамыту орталығы» АҚ мен бірлесіп, еліміздегі жұмыспен қамтуды үйлес­тіру және әлеуметтік бағ­дарламаларды реттеу мә­селелері бойынша онлайн тал­қылаулар өткізді.

Қандастар көші тоқтамайды

Талқылау кезінде қандас мәр­тебесін ұзарту, беру және CIM-нің шет елдердегі мекемелері арқылы «Ата жолы» картасын алу бөлігінде «Қандас авто­мат­тандырылған ақпараттық жүйесінде функционалмен жұ­­мыстар мәселесі қозғалды. Кез­десу барысында эко­номикалық ұтқырылық сертификаттарын беру мә­селелері қаралды. Кездесулердің қорытындысы бо­й­ынша Көші-қон комитеті қосымша қарауды және ше­шім қабылдауды талап ететін ұсыныстар мен тіз­бесін қалыптастырды. Аладағы уақытта көші-қон, Әлеу­меттік кодексті іске асыру және т.б. мәселелер бо­йынша осындай талқылаулар өткізуді жоспар­ланып отыр.

Айтпақшы, жыл басынан бері 10 488 этностық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесіне ие болыпты.

 

Айсұлу МАХСЕТОВА,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студенті