Қоғам • 01 Тамыз, 2023

Алматыда 16 қабатты үй өртеніп жатыр

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға орнында жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 16 қабатты үй өртеніп жатыр

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге дереу жеткен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір тұрғындар эвакуацияланып жатыр», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнында жедел штаб құрылғаны қоса хабарланды.

«5-6-қабат арасындағы лифт шахтасында электр кабельдері тұтанды. Өрт сөндіру сатылары қойылды. Оқиға орнына 50 адам мен 14 техника жұмылдырылды», деді қалалық ТЖД қызметкерлері.