Теннис • 02 Тамыз, 2023

Балалар спортын дамыту – басты мақсат

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда алғаш рет бес жас санатында үстел теннисі­нен «WTT Youth Contender Almaty» халықаралық жас­өс­пірімдер турнирі өтті. Төрт күнге созылған аламан са­йысқа әлемнің 13 елінен 159 спортшы қатысып, бақ сынасты.

Балалар спортын дамыту – басты мақсат

Қазақстанның Үстел теннисі федерациясы ұйымдастырған ауқымды додаға бас серіктес «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Sam­­ruk-Kazyna Trust» әлеу­мет­тік жобаларды дамыту қоры де­меу­шілік етті. Мақсат – қайырым­дылық жобасы аясын­да үстел теннисімен айналысушылар санын арттырып, жасөспірімдер спортын дамыту.

Әлемдік жарыста бақ сына­­ған жерлестеріміз өз еліміздегі до­да­да 2 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Тұғырдың екінші сатысы­на 11 жасқа дейінгі санат­та Арай­лым Қапасбек пен Дулат Ералхан кө­терілді. Алан Құр­ман­ғалиев (U19), Айназ Әділ­­ге­реева (U13), Орын­басар Ес­­ма­хан (U13), Жәния Бек­мұ­ха­­ме­­това (U11), Әкежан Ер­лан­­ұлы (U11), Каролина Бондарь (U11), сон­дай-ақ 19 жасқа де­йін­­­­гі са­­нат­­та аралас жұп Алан Құр­­­ман­­ға­­лиев/Сарвиноз Мирка­ди­ро­ва қола медальдермен марапат­талды.

Халықаралық жасөспірімдер сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төр­аға­сы Нұрлан Жақыпов қатыс­ты. «Елімізде алғаш рет ұйымдас­тырылған халықаралық са­йыс­қа куә болып отырмыз. Бұл – жасөспірімдер мен жастар спор­тын да­мы­туға бағыттал­ған та­маша қа­дам. Жас спорт­шы­лар­дың әлеуеті мен олардың жеңіс­ке деген құл­шы­нысы бізде чем­пиондардың керемет буыны өсіп келе жатқа­нын көрсетеді», деп атап өтті қор басшысы.

Үстел теннисі федерация­­сы­ның президенті Данияр Әбіл­ғазиннің айтуынша, бұл бастама дәстүрге айналып, ересектер ара­сындағы турнир сияқ­ты жыл сайын өткізіледі. «Өз ойындарымен тек құра­маның көшбасшылары ғана емес, сонымен қатар турнирдің ең кіш­кентай қатысушылары да қуан­тып, таңғалдырды. Бір айдан соң өтетін келесі ауқымды ша­ра «WTT Contender Almaty» тур­ниріне қатысу үшін әлемнің үз­­дік спортшылары, Олимпия ойын­дарының жүлдегерлері және әлем­­дік рейтинг көшбасшылары ке­леді», деді ол.

Сонымен қатар жыл­ соңына дейін Астана, Алматы, Қара­ған­ды, Павлодар және Ақтөбе қала­ларында әлеу­меттік әлсіз топ­тағы балалар үшін үстел тенни­сі­нен шеберлік шаралары қолға алынбақ.