Оқушылар ұсынған жоба жылыжайда өсірілетін көкөніс пен жеміс-жидекті суару технологиясын жеңілдетеді. Жас өнертапқыштардың сөзінше, бұл шаруаларға су мен электр энергиясын үнемдеуге, оған қоса, кез-келген төрт мезгілде де ауаның қолайсыздығына қарамастан, жақсы өнім алуға мүмкіндік береді екен.
Аймақта жаз мезгілінің қысқа болуы және ауа температурасының салқын болуы жас өнертапқыштардың аталған технологиялық тәсілді ойлап табуына себеп болған.