Ауа райы • 02 Тамыз, 2023

Алдағы күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы тәуліктерде ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, бұрынғыдай еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде және шығысында екпінді жел соғып, бұршақ жауады.

«Елдің батыс аймақтарында қысым күшейеді, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Температура фонында айтарлықтай ауытқу болжанбайды», делінген хабарламада.