Зерттеуші бұл жұмысын Ұлыбритания һәм Солтүстік Ирландия Құрама королдігі Лондон музейінің қолдауымен іске асырып отырғанын айтады. Ол бұған дейін археолог ретінде Өтукен қойнауында жүргізілген біріккен қазба жұмыстарына қатысып, көне түркілер қорымынан табылған қолөнер бұйымдарындағы ою-өрнектер ешқандай өзгеріссіз қазіргі таңда Бай-Өлке қазақтарының қолданысында жүргенін аңғарады.
«Ертеде, яғни ерте орта ғасыр дәуірінде өмір сүрген көк түркілерге тән қолданбалы өнер туындылары мен дәл бүгінгі байөлкелік қазақтар жасаған бұйымдардағы өрнектің дәлме-дәлдігі мені таңдандырды. Мұндай сәйкестікті бұған дейінгі зерттеушілердің аңғармағаны түсініксіз. Менің назарымды аударған дүние осы», дейді К.Пирсон ханым.
Осылайша, зерттеушілік жұмысын бастаған ол – байөлкелік тұрғындар-
дың қолданысында жүрген 1 мыңнан астам сырмақ, тұскиіз, алаша сияқты өнер туындыларын ресми құжаттан-
дырыпты. Алдағы күндері бұл бұйымдардың фото-құжатын ағылшын тілінде арнайы альбом-кітап етіп шығару ойында бар көрінеді.