Теннис • 03 Тамыз, 2023

Жасөспірімдер жетістігі

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің жасөспірім теннисшілері Германияның Ульм қаласында 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында өткен екінші санаттағы Tennis Europe сериясының Müller Junior Cup Ulm турнирінде жеңімпаз атанды.

Жасөспірімдер жетістігі

Мәселен, 14 жасқа дейінгілер арасында өнер көрсеткен Еркежан Жаңатаева жекелей сында үздік шықты. Ол финалда германия­лық Франческа Парцеллимен шеберлік байқа­сып, үш сетке жалғасқан бәсекеде корт қожайы­­нын 4:6, 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Сондай-ақ осы жарыстың жұптық сынында бақ сына­­ған Ярослав Пшеничный мен Мансұр Сайынов та қарсылас шақ келтірмей, турнирдің бас жүлдесін олжалады. Ал германиялық Гудит Пла­мен жұп құрап ойнаған отандасымыз Әдия Омарбек финалда жеңілді.

Сонымен қатар 16 жасқа дейінгілер ара­сындағы жарыста тағы бір жерлесіміз Сәтима Төреген жеңіс тұғырына көтерілді. Ол соңғы бәсекеде неміс Ида Вобкерді қапы қал­дырды – 6:3, 6:7 (4:7), 6:4. Ұлдар арасын­дағы бәсекеде Родион Лукашов пен Олжас Есенәлі финалдық бәсекеде қарсыластарына жол беріп, екінші орынға табан тіреді.