Қоғам • 03 Тамыз, 2023

Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады

259 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда 6 тамыз күні әуесқой велосипедшілерге арналған Tour of World Class Almaty веложарысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады

Веложарыс «ALMATY ARENA» көпфункционалды кешенінің аумағынан басталады.

Tour of World Class Almaty ұйымдастыру комитеті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына веложарыс күні жарыс өтетін жерлердегі жол бөліктерінде қозғалыс ішінара жабылатынын хабарлады.

Көлік қозғалысы мына көшелерде шектеледі:

  • Момышұлы көшесінен Доспанова көшесіне дейінгі ALMATY ARENA-ға іргелес жолдың қысқа бөлігі 6 тамызда сағат 02:30-дан 17:30-ға дейін екі бағытқа да жабылады.
  • Доспанова көшесімен айналма жолдан Аднан Мендерес көшесіне дейінгі қозғалыс екі бағытта да сағат 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.
  • Момышұлы көшесі бойынша Аднан Мендерес көшесінен Мөңке Би көшесіне дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.
  • Момышұлы көшесінен Мөңке би көшесі бойымен Момышұлы көшесінің жалғасына дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.
  • Момышұлы көшесі бойынша Мөңке Би көшесінен Үлкен Алматы каналы бойы көшесіне дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.
  • ҮАК бойы көшесіндегі Момышұлы көшесі бойымен Экологиялық бекетке дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.
  • Индустриялық аймақтың айналасындағы қозғалыс 06:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.

«Деректер веложарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілді. Жолдардың жабылуын ескере отырып, оңтайлы маршрутты табу үшін 2GIS қосымшасын пайдалана аласыз. Іс-шара өтетін күні қоғамдық көлік қүнделікті режимде жұмыс істейді және оған жеке жолақ бөлінеді», деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Жарысқа қатысушылар жетістіктері мен табандылығын білдіретін медальдармен марапатталады. Абсолютті санатта 48,5 шақырым қашықтықта ерлер мен әйелдер арасындағы ең жылдам спортшылар тек құрметті атаққа ғана емес, ақшалай сыйлықтарға да ие болады:

Бірінші орын – 100 000 теңге, екінші орын – 80 000 теңге және үшінші орын – 60 000 теңге. Әр түрлі жас санаттарындағы 48,5 шақырым, 33,5 шақырым және 14 шақырым қашықтықтағы жеңімпаздар серіктестердің медаль және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Жарыс уақыты:

  • 6:00 – 48.5 км тасжол велосипедтері
  • 6:05 – 33.5 км тасжол велосипедтері
  • 6:11 – 33.5 МТБ велосипедтері
  • 9:10 – 14 км балалар қашықтығы.